Футзалдан Испания чемпионаты 13-турының кейінге шегерілген матчында «Интер Мовистар» мен «Реал Бетис» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында 6:1 есебімен «Интер» жеңіске жетті.

Осы жеңістен кейін «Интер Мовистар» 15 кездесуде 20 ұпай жинап, турнирлік кестеде 10-орынға көтерілді.

«Интер Мовистар» – «Реал Бетис» 6:1 (2:0)

Гол соққандар: Рауль Гомес (6), Трипольди (13, 33), Бойис (30), Сесилио (38), Пол Пачеко (39) – Эрик (21)

Фото intermovistar.com