Қазақстандық файтер Жұман Жұмабеков Naiza 37 турнирінде өнер көрсетпейді, деп хабарлайды Prosports.kz MMA DAR Pro Team командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жұман Жұмабеков және Су Ёнг арасындағы жекпе-жегі кейінге қалдырылды.Корея елінің жауынгері Су Ёнг өз елінде Covid-19 ПЦР тестін тапсырып өкінішке орай оң нәтиже көрсетті», — деп жазды MMA DAR Pro Team.

Айта кетейік, Жұмабеков Naiza 32 турниріндегі жекпе-жегінде қырғызстандық Айжігіт Еркебайды екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.