IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жек алдында жаттығуы жайлы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олардың жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Қазіргі уақытта Геннадий АҚШ-тың Калифорния штатында жаттығып жүр.

«Бірінші спарринг сессиясы аяқталды, біз жұмысты жалғастырамыз», - деп жазды GGG әлеуметтік желіде жаттығу залынан түскен суретімен бөлісіп.

Еске салайық, Головкин-Мурата жекпе-жегі 2021 жылдың желтоқсан айына жоспарланған, бірақ жапон билігінің коронавирусқа қарсы шараларын күшейтуіне байланысты кейінге қалдырылған болатын.