Қазақстандық «Ақжайық» футбол клубы қазіргі командадағы ең қымбат ойыншының есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл Transfermarkt мәліметі бойынша 23 жастағы шабуылшы Оралхан Өміртаев (£300 мың) болды.

Еске салайық, Өміртаев мансабын 2015 жылы 17 жасында «Шахтер» клубының құрамында бастаған. «Тобыл» клубында да өнер көрсетті.