Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінің 1/4 финалының алғашқы матчында сырт алаңда магнитогорскілік «Металлургпен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Юрий Михайлис келесі құрамды алаңға шығарды: Ортио (Бояркин) – Морроу-Мартинссон, Савицкий-Вей-Асетов; Алсинг-Орехов, Михайлис-Вольф-Лиля; Савченко-Шалапов, Берглунд-Куник-Юрчо; Петухов-Сагадеев-Шестаков, Шайхмедденов-Қайыржан.

Алаң иелері айқын фаворит саналғанымен, қазақстандық команда 3:2 есебімен жеңіске жетті.

3 наурызда командалар Нұр-Сұлтан қаласында ойнайды.

«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) – «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 2:3 (0:0, 0:1, 2:2)

Серия есебі: 0:1

Шайбы соққандар:

0:1 - 22:44 Юрчо (Куник)

0:2 - 40:52 Лиля

1:2 - 47:56 Виделл (Дронов, Яковлев)

1:3 - 49:40 Юрчо (Куник, Вей).

2:3 - 52:21 Голдобин

Қақпашылар: Олкинуора - Ортио