«Атырау» Литва ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Домантас Антанавичюсті қатарына қосты.

Бұл туралы команданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Футболшы «Атырауға» еркін агент ретінде жалға беріліп отыр.

Бұған дейін Антанавичюс Литваның «Судуву» мен «Стумбрас», Эстонияның «Маарду ЛМ» және Словенияның «Целе» мен «Триглав» клубтарында өнер көрсеткен.