Үш салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы Василий Ломаченко туған қаласы Белгород-Днестровскийдегі аумақтық қорғаныс батальонына қосылды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы championat.com сайты хабарлады.

«Белгород-Днестровский аумақтық қорғаныс батальоны құрылып, қаруланды. Біздің жауынгерлер туған қаласында тәртіпті сақтауға күш салады.

Бізбен бірге Василий Ломаченко да қорғанысқа үлес қосады. Тұрғындар, сабырлы болыңыздар, қаламызда бәрі жақсы болады», - деп жазды қала басшысы Виталий Граждан Facebook парақшасында.