«Қыран» футбол лкбының жартылай қорғаушысы Амал Сейітов «Қайсар» сапында қаралымнан өтіп жүр, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қызылордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

20 жастағы ойыншы «Қайсармен» бірге Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанды.

Амал Сейітов – Алматы футболының түлегі. Былтырғы маусымда «Қыран» сапында 19 матчқа қатысып, 8 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.