Шабуылшы Артем Лихотников өскемендік «Торпедо» хоккей клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хоккейші енді көкшетаулық «Арланда» өнер көрсетеді.

Бұған дейін Лихотников елордалық «Барыс» пен қарағандылық «Сарыарқада» бақ сынаған.