Польша футбол одағының (PZPN) Президенті Чезаре Кулешидің айтуынша, жергілікті ұлттық құрама әлі күнге дейін Ресей құрамасымен Катардағы Әлем чемпионатына өтпелі матчарды өткізгісі келмейді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.

«ФИФА-ның бүгінгі мәлімдемесі біз үшін қолайсыз. Біздің ұстанымымыз өзгеріссіз: Ресей командасының атауына қарамастан Польша әлем чемпионатына өтпелі матчтарда Ресеймен ойнамайды», - деп жазды Күлеша Твиттер парақшасында.

Еске сала кетейік, 27 ақпанда ФИФА Ресей құрамасына өз матчтарында әнұран мен ту қолдалануға тыйым салған болатын. Енді «Ресей футбол одағы» деп аталатын команданың өз алаңындағы ойындары бейтарап алаңда өтеді. Сондай-ақ ұлттық құраманың кездесулеріне оның жанкүйерлері келе алмайды.