Бокстан Қазақстан құрамасы халықаралық "Странджа кубогын" 17 медальмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ел құрамасы аталған жарыста төрт алтын, төрт күміс және тоғыз қола жүлдені жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы командалық медаль кестесінде үшінші орынға жайғасты.

Қазақстандық жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімі келесідей:

АлтынМахмұд Сабырхан (54 кг)Сағындык Тоғамбай (86 кг)Назым Қызайбай (50 кг) Валентина Хальзова (70 кг)КүмісДамир Әбдіқадір (51 кг)

Дулат Бекбауов (67 кг)Дина Жоламан (54 кг)

Ляззат Күнгейбаева (+81 кг)ҚолаСанжар Ташкенбай (48 кг)Тимур Қабдешов (51 кг)Абзал Серік (63,5 кг)Абзал Құттыбеков (92 кг)Нұрлан Сапарбай (+92 кг)Римма Волосенко (60 кг)Дариға Шәкімова (66 кг)Надежда Рябец (75 кг)Анастасия Баязитова (81 кг)