Грозныйлық «Ахмат» Ресей Премьер-лигасының 19-турында өз алаңында «Уфамен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Ахматтың» қазақстандық қорғаушысы Марат Быстров негізгі құрамда алаңға шығып, ойынды толық өткізді.

Айта кетейік, «Ахмат» 19 ойында 30 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орында тұр.

«Ахмат» – «Уфа» – 2:1