Манама қаласындағы «Халифа Спорт Сити» аренасында баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бахрейнге қарсы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында біздің баскетболшылар 95:48 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, турнирдің финалдық кезеңі Азияның үш елінде - Жапония, Филиппин және Индонезияда өтеді. Қабылдаушы елдердің командалары финалдық турнирге автоматты түрде жолдама алды, чемпионатқа 32 елдің командасы қатысады.

Осыған байланысты іріктеуде Азия/Мұхит елдерінің квотасы бес командаға дейін қысқартылды (Африкадан бес команда, Америкадан – жеті, Еуропадан – он екі команда финалдық кезеңге өтеді).

Баскетболдан 2023 жылғы ​​әлем чемпионатына іріктеу турнирі Топтық кезең

1. D тобы. Ерлер

Бахрейн - Қазақстан 48:95 (8:16, 19:24, 13:21, 8:34)