«Қайраттың» 2022 жылғы маусым алдындағы тұсаукесерінде клуб басшысы Алматыда жаңа футбол манежінің құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз өз жұмысымызды орындадық, жобаны дайындап, Алматы әкімдігіне тапсырдық. Әкімдік аумаққа қамқорлық жасады, онда жұмыс істейтін кәсіпорындарға қатысты мәселелер бар. Жыл соңында аумақтағы барлық мәселелер ретке келтірілді.

Қала жаңа стадионға лайық. Бірақ қазір Алматының жоспары сәл басқаша. Біз «Қайратқа» қосалқы алаңды беріп, оның орнына 8-10 мың көрерменге есептелген стадион салып берсек жөн болар еді. Краснодарда екінші командаға арналған арена салынды. Мүмкін біз де осыдан бастауымыз керек.

«Орталық» стадионды бақылаудамыз, ойнайтын жеріміз бар. Көгал сапасы жақсы. Бірақ бізде клуб ретінде өз стадионымыз жетіспейді», - деді Қайрат Боранбаев.