Мәскеулік ЦСКА РПЛ 19-шы туры аясында елордалық дербиде «Спартакты» ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Откритие Банк Арена» стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен армиялық команданың пайдасына аяқталды. Алғашқы голды 48-минутта «қызыл-көктердің» жаңадан келген түрік ойыншысы Юсуф Языджи айып добынан соқты. 79-минутта Иван Обляковтың пасынан кейін қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиёр Зайнутдинов есепті еселеді.