«Қайрат» футбол клубы «Қайрат-Мәскеу» ФК жартылай қорғаушысы Дамир Қасаболатпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт 2 жылға жасалған.

Дамир «Қайрат» футбол клубының түлегі. Өткен маусымда «Қайрат-Мәскеу» сапында 19 ойын өткізген.

Туған күні: 29 тамыз 2002 жыл

Бойы: 181 см

Салмағы: 65 кг

Позициясы: жартылай қорғаушы

Азаматтығы: Қазақстан