Алматылық «Қайрат» 21 жастағы шабуылшы Вячеслав Швырев командаға оралғаны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «сары-қаралардың» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қайрат» футбол клубы «Қайрат-Мәскеу» командасының шабуылшысы Вячеслав Швыревті өз қатарына қосқанын қуана хабарлайды.Келісім-шарт мерзімі 2 жыл.Вячеслав «Қайрат» футбол клубының түлегі, кәсіби деңгейде футболдан Қазақстан Чемпионатындағы дебюттік ойынын 2018 жылы, «Қызыл-Жар СК» қарсы өткізген.Өткен маусымда Швырев «Қайрат-Мәскеу» командасының сапында ойнады, 15 ойында 9 гол соққан.Туған күні: 7 қаңтар 2001 жылБойы: 176 смСалмағы: 61 кгПозициясы: ШабуылшыАзаматтығы: Қазақстан

Фото fckairat.com