25 ақпанда алматылық «Қайрат» Түркияның Белек қаласында ресейлік «Оренбургпен» жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz .

Орынборлық команда Ресейдің ФНЛ лигасында бақ сынайды.

Ал «Қайрат» 2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан кубогын жеңіп алып, ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

«Қайрат» – «Оренбург» матчының тікелей трансляциясы Алматы уақытымен 20:00-де басталады.