Бүгін қазақстандық «Барыс» плэй-офф алдындағы үшінші жолдастық матчын өткізеді. Команданың қарсыласы мәскеулік «Динамо» болады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Мәскеудегі «ВТБ Аренада» өтеді. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де.
Тікелей трансляцияны «Барыс» ХК сайтынан көруге болады.
Еске салайық, сейсенбіде Юрий Михайлис шәкірттері қарсыласын буллиттер сериясында (4:3) жеңген болатын.
Комментарии