«Қайрат» АФК президенті Қайрат Оразбеков ВКонтакте желісінде Goal.kz парақшасындағы сауалнамада жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Онда ҚФФ басшысы лауазымына кім лайық деген сұрақ қойылған.

Дауыс берушілердің 54 пайызы Қайрат Айтмолдаұлын таңдаған. Екінші орындағы Давид Лорияға дауыс бергендер саны екі есе аз – 28%. Қалған кандидаттар көп дауыс жинай қоймаған.