Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қорғаушысы Виктор Дмитренко Ақтаудың "Каспий" командасына келді.

Виктор Дмитренко Ресейде дүниеге келген. Спорттық карьерасын «Кубань» сапында бастаған. Кейін Молдованың «Зимбру» және Мәскеудің «Торпедо» клубында ойнады.

2012 жылы «Астанамен» келісімшартқа отырды. Сол кезде Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада ойнай бастады. Қазақстан құрамасы сапында 18 матчқа қатысып, 1 гол соққан.

Одан кейін «Ақтөбе», «Тобыл», «Шахтёр» және «Ордабасы» клубтарында доп тепкен. Соңғы командасы – «Атырау». Былтыр 18 ойында 1 голмен көзге түскен. Жалпы, ҚПЛ-да Виктор Дмитренко 221 ойын өткізіп, 9 рет мергендік танытқан.