Волейболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның көктемгі чемпионаты өтетін мерзім анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир 22-29 наурыз аралығында Қазақстанның төрт қаласында өтеді.

2003-2004 жылғы жасөспірімдер Түркістанда, 2005-2006 жылғы спортшылар Павлодарда, 2007-2008 жылғы жасөспірімдер Жаңақорғанда, 2009-2010 жылы туғандар Көкшетауда сынға түседі.