Мексикалық Хайме Мунгия Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартса, қазақстандықтың қарсыласы кім болатыны айтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Егер Мунгия немесе Әлімханұлы келісімге келе алмаса, ұлыбританиялық солақай, WBO рейтингінің төртінші орнындағы Дэнни Дигнумаға (14-0-1, 8 КО) жол ашылуы мүмкін. 29 жастағы боксшы кейінгі төрт жекпе-жегінің үшеуінде жеңіске жетті.

WBO басында Әлімханұлы рейтингтің үшінші орнындағы үміткер Эскива Фалькаомен (29-0, 20 КО) кездеседі деп хабарлаған. Алайда бразилиялықтың командасы келіссөз жүргізген жоқ», - делінген Ring TV хабарламасында.