Норвегияда шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Жарыс бағдарламасының бірінші түрі кеше әйелдер арасындағы 15 шақырымдық масс-старттан басталды (жасөспірімдер), деп хабарлайды Olympic.kz.

Қатысушылар қашықтықты еркін стильмен еңсерді. Қазақстандық спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:

- Айша Ракишева-54 орын;

- Елизавета Толмачева-57-орын;

- Мария Геращенко-62-орын.

Германиядан келген Хелен Хофманн жарыста жеңіске жетті. Оның соңынан Швед Лиза Эрикссон мәреге жетті. Норвегиялық Тува Анин Брусвен-Йенсен қола медаль жеңіп алды