Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб самаралық «Динамо» футзал клубының қызметін тоқтатқаны туралы жаңалыққа пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кнауб Instagram парақшасында былай деп жазды:

«Өкініштісі, самаралық «Динамо» клубы Суперлиганың осы маусымына жалғасты қатыса алмайды. Менің ойымша, бұл уақытша қиындық, біз ол туралы болашақта тағы да естиміз».

Айта кетейік, Кнауб аталған клубқа 2021 жылы қазан айында ауысқан. Ол команда сапында 16 матч өткізіп, бес гол соқты.