Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Пауда (Франция) өтіп жатқан турнирдің бірінші айналымында чех Иржи Лехечканы ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz .

Кездесуде қазақстандық 6:0, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Матч 53 минутқа созылды.

Келесі айналымда қазақстандық теннисші француз Мануэль Гинарға қарсы ойнайды.