Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы футболдан ел чемпионаты мен Біріншіліктеріне қатысушы командалар үшін 2022 жылғы маусымның алғашқы тіркеу трансферлік кезеңінің басталғаны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Трансферлік терезе 2022 жылдың 10 қаңтарында ашылып, 23 сәуірге дейін жалғасады.

Қазақстан чемпионаты, Бірінші және Екінші лига футболшылары мен клуб қызметкерлерінің тізімдеріндегі барлық өзгеріс ҚКФЛ-ның ресми сайтындағы командалар профайлына енгізіледі.