«Қайрат» футбол клубы ресейлік қорғаушы Виктор Васинмен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ЦСКА мен «Қайрат» ресейлік қорғаушының трансфері жөнінде келісімге келді.

Виктор Васин жанкүйерлерге ЦСКА сапындағы ойынымен танымал, ол мәскеулік клуб сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетті. Осы аралықта 3 мәрте Ресей чемпионатын, 2 рет Ресей кубогы мен мен суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ қорғаушы Ресей құрамасында 13 матч өткізіп, 2 гол соққан.

Васинмен келісімшарт 2022 жылдың соңына дейін жасалды.