Қазақстандық боксшы Серік Абзал Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа кубогы» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келі салмақта серб боксшысы Павел Федоровпен өткен табанды жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Өткен жылы Абзал 67 келі салмақта жастар арасында Азия чемпионы атанды.