Қазақстандық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы осы күндері Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа кубогы» турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің 1/8 финалында 63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Базарбайұлы өзбек боксшысы Мұжибилла Тұрсыновпен кездесіп, төрешілер шешімімен ұтылып қалды.

Айта кетейік, 63,5 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын тағы бір боксшы Серік Абзал қорғайды. Ол серб спортшысы Павел Федоровпен кездеседі.