Өткен аптада Санкт-Петерборлық «Зенит» Қазақстан ұлттық құрамаcының қорғаушысы Нұралы Әліпті жалға алғанын ресми түрде жариялады, ол келісім-шарт бойынша Ресейдің қазіргі чемпионының жейдесінде жыл соңына дейін өнер көрсетеді.

Prosports.kz тілшісі 22 жастағы футболшының Санкт-Петербург клубында өзін көрсету мүмкіндігін таразылап, сонымен бірге оның күшті және әлсіз жақтары туралы саралау үшін кезінде қорғаушы позициясында ойнаған қазақстандық бапкер Юрий Коньковпен сұқбаттасты.

– Юрий Владимирович, қазіргі чемпион әрі РПЛ көшбасшысы Санкт-Петербургтің «Зенитінің» Қазақстан құрамасының ойыншысы Нұралы Әліпті оқу-жаттығу жиынына шақырғаны туралы хабарды қалай қабылдадыңыз?

- Мен шын қуандым. Зайнутдинов, Вороговский және Әліптің мысалы Қазақстанда футбол таланттары болғанын, барын және болатынын растайды, бірақ олармен айналысу керек. Меніңше, Нұралы «Қайратқа» дер кезінде келіп, тәжірбиелі футболшылардан біраз дүние үйренді. Әрине, Әліптің бірінші бапкері сұхбатында айтқан мінезі мен еңбекқорлығы оның осындай деңгейде ойнауына барлық жағдайды жасауға мүмкіндік берді. «Қайратта» өзіне сенім артып, тәжірибе жинақтады, енді оның әрі қарай қалай дамитыны тек өзіне байланысты. Ойын практикасы болса жақсы. «Зениттің» оқу-жаттығу жиынында ол өзінің құндылығын дәлелдеді, әйтпесе олар құрамда қалдырмас еді.

– Әліптің осы позициядағы ойыншы ретінде артықшылығы туралы не айта аласыз?

- Бойы ұзын болғандықтан баспен жақсы ойнайды. Сол аяғымен алыс және жақын қашықтыққа дәл пас жеткізе алады. Әліп бұрын шабуылшы ретінде ойнағанын ескерсек, қарсыластың айып алаңында да қауіпті.

- Сіздің ойыңызша, қазақстандық «Зениттің» жаңа ойыншысында қандай кемшіліктер бар?

– Бұрын да, қазір де бақылау матчтарында, әрине, тактикалық дайындықта олқылықтар байқалады. «Зенитте» Нұралы осы кемшіліктерімен жұмыс істейді деп ойлаймын, өйткені оның жанында тамаша ойыншылар бар. Жоғары деңгейде тұрақты ойнау өте қиын, бірақ дәл солай ғана футболшы өзінің деңгейін дәлелдей алады.

- «Зенитке» келсек, Сергей Семак Қазақстан құрамасының ойыншысынан оның Әліпке қатысты соңғы шешіміне әсер ететін қандай пайдалы қасиеттерді көрді?

- Семак, кез келген жаттықтырушы сияқты, қорғаушыдағы сенімділікті жоғары бағалайды деп ойлаймын. Қорғаныс ойыншысы қарсыласының әрекетін есептей алуы керек. Менің ойымша, Семак Әліптің ойынды оқуын, жеке текетірестегі мықтылығын, баспен жақсы ойнауын және бірінші пасын жақсы бағалады. Әліп өзінің күшті жақтарын жетілдіріп, кемшілігін жасыруы керек. Семак пен Тимощук сияқты тәжірбиесі мол бұрынғы футболшылардың ақыл-кеңесін тыңдай отырып, шеберлігін шыңдауға болады.

- Сіздің ойыңызша, қазақстандық ойыншыға жаңа клубқа, чемпионатқа және елге бейімделу үшін қанша уақыт қажет?

– Әліптің мінезі бар. Нұралы дұрыс қорытынды жасап, ұйғарымдарды тыңдаса, бәрі жақсы болады. Қорықпай, өзің көрсетуге Ресейге барғаны үлкен құрметке лайық. Ең бастысы, өрескел сәтсіздіктерге жол бермеу керек, ал Ракицкий, Ловрен, Чистяков «Бетиспен» матчтағыдай қателеседі.

– Қазақстан чемпионатынан кейін Әліпке РПЛ деңгейіне бейімделу қиынға соға ма?

– Объективті түрде айтсақ, әрине, өте қиын болады, өйткені үнемі жоғары деңгейде ойнау қиын. Екінші жағынан, қазір футболшылардың барлық әрекеттерін талдау оңайырақ, өйткені статистикалық деректер өте көп. Тәжірибелі жаттықтырушылар да бар, сол Тимощук Нұралыға жан-жақты көмектеседі. «Зенитке» қаралымға шақырылғаннан кейін Әліптің сонда қалатынына сенгендер аз болды. Петерборда қалып, мықтылығын дәлелдеді. Енді тұрақты ойнау керек.