«Рубин» футболшылары жолдастық кездесуде Қазақстан чемпионы «Тобылды» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дүйсенбі күні Түркияның Белек қаласында жабық есік жағдайында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды.

Еске салайық, 2 наурызда «Тобыл» алматылық «Қайратпен» Қазақстан Суперкубогын сарапқа салады.