«Астана» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Латвияның «Ауда» клубымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:1 есебімен латвиялық команданың пайдасына аяқталды.

Командалар 30 минуттан екі тайм ойнады. Елордалықтар сапындағы голдың авторы - Владислав Прокопенко.

Бастапқы құрам: Заруцкий (Қ), Ахаев, Рахманов, Кусяпов, Совет, Қалмырза, Перцух, Бейсебеков (К), Прокопенко, Басманов, Шураханов

«Ауда» өткен маусымда Латвия чемпионатының Бірінші лигасының чемпионы атанып, ел жоғарғы дивизионының дебютанты атанды.