«Реал Мадрид» футбол клубының ойыншысы Лукас Васкес командадан кетуге шешім қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

El Nacional басылымының хабарлауынша, 30 жастағы испаниялыұ жартылай қорғаушы «Реал» сапында биыл өте аз ойынға қатысқанына наразы.

Былтыр жазда Васкес клубпен келісімшарт мерзімін ұзартқан. Бірақ соған қарамастан «корольдік клуб» ойыншыны жазда жіберуге қарсы емес.

Айта кетейік, жартылай қорғаушы осы маусымда клуб сапында 27 матч өткізді.