21 ақпанда «Барыс» Мәскеуде жергілікті «Спартакпен» жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қос команда да Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне дайындалып жатыр. «Барыс» Шығыс конференциясының көшбасшысы Магнитогорскінің «Металлургімен» ойнайды. Ал «Спартак» хельсинкилік «Йокеритпен» кездеседі.

«Спартак» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 15:50-де басталады.