31 жастағы қазақстандық қорғаушы Елдос Ахметов «Таразбен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы жамбылдық клуб ресми хабарлады.

Тәжірибелі қорғаушы биылғы маусымға дайындықты «Астана» сапында өткізген. Алайда оқу-жаттығу жиынының соңында «Таразбен» келісімшартқа отырды.

Елдос Ахметов өткен маусымда «Таразда» ойнап, барлық турнирлерде 26 кездесу өткізіп, 1 гол соққан. Ойыншының мансабында «Жамбыл», «ОСШИОСД», «Ертіс», «Астана», «Қайрат», «Қайрат-Жастар» және «Қайсар» сияқты клубтар болды.