Футболдан Қазақстан Суперкубогы жолындағы жарыстың финалдық ойы­ны 2 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Бас жүлде үшін бәсекеде былтырғы маусымдағы Премьер-лиганың жеңімпазы «То­был» мен ел кубогының иегері «Қай­рат» күш сынасады. Аталған жарыста алм­а­тылықтардың екі мәрте топ жарғанын жан­күйерлер жақсы біледі. Бұл атаққа «Қайрат» 2016 және 2017 жылдары қол жеткізді.

Екі ретінде де олар «Астанадан» айласын асырды. «Астана Аренада» өткен алғашқы матчта есеп ашылмағандықтан, жеңімпаз пенальти арқылы анықталды – 5:4. Орталық стадионда ұйымдастырылған кездесуде алаң иелері қарсыластар қақпасына жауапсыз екі гол соқты – 2:0. Ал қостанайлықтардың былтырғы қарқыны күшті болды. Финалда «Тобыл» «Астананы» пенальтиден ұтты – 1:1 (5:4).