Жақында Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенттігіне үміткерлерді тіркеу рәсімі аяқталды, деп жазады Prosports.kz.

Президенттікке үміткерлер Қайрат Оразбеков пен Давид Лория ҚФФ басшысын сайлау рәсімі қарсаңында кездесті.

Қайрат Оразбеков: Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер жас жігітпен кездестік. Даму бағдарламаларымызды салыстырдық, жобамыз көп жағынан сәйкес келеді екен. Біздің елде үлкен функционер болып өсетін болашағы зор жігіттердің барына қуаныштымын.

Дэвид Лория: Мен футзал патшасымен, Қазақстанның даңқын әлемге асқақтатып жүрген Адаммен кездестім! Пікір алмастық. Ойымыз бір жерден шықты.

Айта кетейік, 28 ақпанда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) конференциясында ұйым президенті сайланады.