Esports Charts аналитикалық порталы жалпы жүлде қоры 50 000 АҚШ долларын құрайтын Dota 2 Чемпиондар лигасының жетінші маусымындағы көрулердің соңғы статистикасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Плей-офф кезеңіндегі «Natus Vincere» мен «Winstrike Team» арасындағы жекпе-жек 77 мың көрермен жинап, бүкіл турнирдегі ең танымал матч болды. Гранд финал үздік бестікке енді.

Салыстыру үшін: Dota 2 Чемпиондар лигасының алдыңғы маусымы бүкіл трансляцияда 122 мың көрермен жинады.