Тихуанада (Мексика) орта салмақтағы WBO континентаралы титулының иегері мексикалық Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) мен америкалық Димитриус Баллард (21-1-1, 13 КО) арасында жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Мексикалық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Хайме Мунгия осылайша орта салмақтағы WBO Inter-Continental титулын үшінші рет сәтті қорғады.