Александр Недовесов пәкістандық Айсам-ул-Хак Курешимен бірге Делрей-Бичте (АҚШ) өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің финалисті атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда қазақстандық-пәкістандық дуэт америкалық Роберт Галлоуэй мен Алекс Лоусонға қарсы чемпиондық тай-брейкте жеңіске жетті - 6:3, 6:7 (5), 10:4.

1 сағат 36 минутқа созылған кездесуде Недовесов пен Куреши 5 эйс пен 4 қайталама қателік жасады.

Финалда Недовесов пен Куреши аргентиналық Марсело Аревало мен голландиялық Жан-Жулиен Ройермен кездеседі.