Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында керлингтен әйелдер арасындағы турнирдің финалдық кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші кездесуде британдық команда Жапония құрамасын 10:3 есебімен ұтты.

Қола жүлдені Швеция құрамасы жеңіп алды, олар 3-орын үшін өткен кездесуде Швейцария құрамасын 9:7 есебімен жеңді.