Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (25-0, 18 КО) келесі жекпе-жегінің датасы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

BoxRec.com мәліметінше, Ж.Тұраров рингке 19 наурызда оралады. Бокс кеші Мәскеу қаласында өтеді. Оның қарсыласының есімі әлі аталған жоқ. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Қазақстандық спортшы бұған дейінгі айқасын 2021 жылдың желтоқсанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бокс кешінде өткізген еді.

Ол 47 секунд ішінде мысырлық Абдумонем Саидті (22-2-1, 11 КО) нокаутқа түсірді. Оның алдында боксшымыз 2019 жылдан бері кездесу өткізбеген