Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (25-0, 18 КО) рингке шығатын күні беліглі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec сайтының хабарлауынша, Тұраров келесі жекпе-жегін 19 наурызда Мәскеудегі «Крылья Советов» спорт сарайында өткізеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Қарсыласының есімі қазірше белгісіз.

Айта кетейік, Тұраров кейінгі жекпе-жегін былтыр желтоқсан айында өткізді. Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде Жанқош мысырлық боксшы Абдумонем Саидты (22-2-1, 11 КО) 45 секундта нокаутқа түсірген болатын.