Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен мансабын павлодарлық «Ақсуда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айбол Әбікен 2018 жылдан бері «Қайраттың» негізгі құрамында ойнаған. Оның алматылық клубпен келісімшарты жылдың соңына дейін жасалған.

Сондықтан Айбол Әбікен жылдың соңына дейін «Ақсуда» жалда ойнайды.

Футболшы 2021 жылы Қазақстан чемпионатында 21 матч өткізді (2 гол, 3 нәтижелі пас), Қазақстан кубогының 8 матчында 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ойыншы еурокубоктың 9 ойынында алаңға шығып, 2 гол соғып, бір нәтижелі пас берген болатын.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда «Ақсу» украиналық «Александрияға» қарсы бақылау матчын өткізеді.