21-27 ақпан аралығында Тараз және Шымкент қалаларында жасөспірімдер арасында дәстүрлі «Арман» және «Жастар» республикалық турнирі басталады.

«Арман» турнирінде футбол орталықтары мен академияларының 2004 жылғы футболшылар ойнайды. Турнирдің мақсаты - 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының үміткерлерін қарау (аға бапкер - Вахид Масудов)

Жарыс екі кезеңнен тұрады: іріктеу және финалдық кезең. Алғашқы кезеңде әр топта 4-5 командаға бөлініп, оның қорытындысы бойынша әр топтың екі үздік командасы шешуші кезеңге шығады. Финалдық кезеңнің ойындары 21-27 наурыз күндері өтеді.