Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (17-0, 16 КО) франциялық Жоан Дюопаға (39-6, 26 КО) қарсы жекпе-жегі белгіленген уақытта өтпейтін болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы франциялық боксшы мәлімдеді.

«Достар, сіздерге үлкен өкінішпен хабарлаймын, менің жекпе-жегім тоқтатылды, қарсыласымның командасы карантинге жабылды, өйткені команда мүшесінен коронавирус анықталды, жекпе-жек басқа күнге ауыстырылады», - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Кособуцкий – Дюопа жекпе-жек ақпанның 19-нан 20-на қараған түні өтуі керек еді.