Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ерлер арасындағы 1000 метрге жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның атынан бұл сында Дмитрий Морозов пен Денис Кузин өнер көрсетті.

Морозов қашықтықты 1:09.61-де жүріп өтті. Ал Кузин 1:10.077-де мәреге жетті.

Осылайша, отандастарымыз жүлделі орыннан тыс қалды. Нақты нешінші орын алатыны барлық спортшы жарысты аяқтаннан кейін белгілі болады.