Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, Ресей құрамасының бұрынғы қорғаушысы Виктор Васин алматылық «Қайратпен» келісімшартқа отырды.

Виктор Васин мансабының көп бөлігін мәскеулік ЦСКА жүйесінде өткізді, сонымен қатар «Мордовия», «Уфа» және «Нижний Новгород» сияқты ресейлік клубтарда ойнады.

Айта кетейік, ойыншы Ресейдің жастар (U-21) және негізгі құрамасында ойнаған.

Биылғы маусымда 33 жастағы футболшы ЦСКА сапында алты ойын өткізді.