Бейжіңде өтіп қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті күнделікті эпидемиологиялық есепті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Beijing2022.com сайтына сілтеме жасап.

14 ақпанда Қытай әуежайларына Олимпиадаға қатысты 25 адам келді, оның ішінде төрт спортшы мен ресми өкілдер және 21 басқа тараптардың өкілдері. Әуежайда жүргізілген ПТР сынақтарының нәтижелері бойынша спортшылар мен ресми өкілдердің арасында бір адамнан коронавирус анықталды.

Дәл осы кезеңде оқшауланғандардың арасында 67 390 ПТР сынағы жасалды, оның 4581-ін спортшылар мен команданың ресми өкілдері, 62 809-басқа тараптардың өкілдері тапсырды. Нәтижелері бойынша ешкімнен COVID-19 анықталған жоқ.